Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 11.10.2013

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

24.01.2020

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

 

D-O-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

D-O-4

195 895

255 514

Е-4

195 895

255 514

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
            1. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының Қолжетімді тұрғын үй және талдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 06.07.2020 ж.), D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Құқықтық көмек көрсетеді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (Алматы қаласы әкімінің өкімдерін, шешімдерін,  мәслихат шешімдерін, әкімдіктің қаулыларын) әзірлеуге қатысады, өтініштер мен құжаттар қабылдауды жүзеге асырады және тұрғын үй бағдарламалары бойынша  тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген тұлғаларға тұрғын үй беру тәртібі мен шарттарын түсіндіреді, ипотекалық бағдарламалар шеңберінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен өтініштерді қарайды,  тұрғын үй алу үшін азаматтар ұсынған қажетті құжаттар пакетінің жинағын тексереді, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде салынған тұрғын үйлерді тарату және тұрғын үй комиссиясында қарау үшін құжаттарды дайындайды, тұрғын үй алу үшін азаматтар ұсынған қажетті құжаттар пакетінің жинағын тексереді; ипотекалық бағдарламалар шеңберінде салынған тұрғын үйлерді тарату және тұрғын үй комиссиясында қарау үшін құжаттарды дайындайды; бөлім басшысымен келісілгеннен кейін   қаржы институттарына жіберу үшін тізімін қалыптастырады; қаржы институттарында банктік біліктілікті тексеру үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жолдамалар береді; бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қажетті анықтамалар мен есептерді дайындайды;  Басқарманың жоспарымен көзделген іс-шараларға қатысады, Басқармада құрылатын комиссия жұмысына қатысады, бөлім басшысының нұсқауы бойынша  белгіленген мерзімде   пәтерді бөлу  және сатып алу-сату шартын жасау, тұрғын үйді жалға алу, кейіннен құжаттар топтамасын бөлім басшысына беру  туралы ұсынысты дайындайды; ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй алған азаматтардың істерін түгендеуді жүзеге асырады; қолданыстағы заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар анықталған жағдайда,  бұл туралы бөлім басшысына  баяндайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ипотекалық бағдарламалар шеңберінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен өтініштерді түгендеуді жүзеге асырады; ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үйді қайта алуға жол бермеуді жүзеге асырады; ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алған азаматтардың мәліметтерін «1С: Бухгалтерия» есепке алу дерекқорына енгізеді; ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй алған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есептен шығаруды жүзеге асырады; Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құқық белгілеуші құжаттарды ресімдейді; қаржы институттарына тұрғын үй қарыздарын алу үшін кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді сатып алу-сату, жалдау шартын жібереді; тұрғын үй құрылыс жинақтары салымы бойынша мерзімі өткен төлемдерге жол берген азаматтарға хабарлама жібереді; Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй алған азаматтардың жалдау төлемдерін есепке алуды жүргізеді; ипотекалық қарыз шеңберінде тұрғын үй алған азаматтардың есепке алу істерін басқарма мұрағатына беруді жүзеге асырады; ипотекалық бағдарламалар шеңберінде салынған объектілерді басқарма теңгеріміне тіркейді; тапсырылған жұмыс учаскесіне дербес жауапты болады; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде заңмен белгіленген уақыт ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де сақтайды; азаматтардың қызметтік борышын өтеу барысында  абыройы мен қадір-қасиетін, жеке өмірін қозғайтын мәліметтерді құпияда сақтау және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпараттарды беруін талап етпейді; Басқарма басшысына мәліметке дейін немесе өздеріне белгілі болған мәліметті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары құқық қорғау органдарына  дейін дереу хабарлайды; Алматы қаласындағы тұрғын үй қорының мониторингін жүзеге асырады; тұрғын үй бағдарламаларына мониторинг жүргізеді;  мұқтаж азаматтарға арналған тұрғын үйді бөлу мәселелерінде толық айқындылық пен ашықтықты жүзеге асырады; халықаралық тәжірибеге сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың тұрғын үй бағдарламаларының стандарттарын әзірлеу бойынша ұсыныс енгізеді; мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу арқылы, тұрғындарға тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етеді; қаланың тұрғын үй нарығын талдау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін жүзеге асырады; тұрғын үйді бөлу процедураларында азаматтық қоғам өкілдерін, БАҚ және басқа да тәуелсіз адамдарды тартуды жүзеге асырады; Басқарма басшысының және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде басқа да жұмыстарды орындайды, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын және бұйрықтарын орындайды.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); заң (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); өнер (сәулет) саласында.

  2. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұра бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Атқарушылық функцияларды (зерттеу, жүйелеу, талдау және басқа) орындайды. Өзінің құзіреті шегінде және заңнамаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінің  мемлекеттік қорғалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштеріне зерттеу, жобалау мен реставрациялық-консервациялық жұмыстар  жүргізуге рұқсат құжаттарын беруге ұсыныс енгізеді; ескерткіштер және оларды қорғау аймақтары бойынша  жұмыстардың барлық түрлеріне ғылыми-жобалық құжаттаманы қарайды және келіседі; жылжымайтын тарих және мәдениет ескерткіштеріне фотофиксациялау және ғылыми зерттеуде олардың бұзылуы, орын ауыстыруы және өзгеруі жағдайында, барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарға тиым салады немесе тоқтату бойынша жұмыстар жүргізеді;  «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған, азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді жауапкершілікке тарту туралы  өтініш жасайды, ескерткіштерге жүргізілген жөндеу-реставрациялық жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді үйлестіреді; жер телімін бөлу кезеңінде аймақты игерудің  барлық түрінде жерді пайдаланушылардың есебінен арнайы мамандарды тарта отырып, тарихи-мәдени мұра объектілерін барлау, анықтау және есепке алу бойынша  зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, бөлімнің қызмет мәселері бойынша құжат айналымын, сондай-ақ нұсқаулық-әдістемелік, нормативтік құжаттарды жүйелеуге қатысады немесе қамтамасыз етеді. Басқарушылық құжаттарды (анықтамалар, ақпараттық-аналитикалық жазбалар) дайындауға қатысады; мемлекеттік органдар үшін қажетті материалдар дайындауға және бөлімнің қызмет мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысады. Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жұмыстарын, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша комиссия отырысын ұйымдастыруды, қорғау міндеттемелерін ресімдеу, тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізілуіне қатысады.          

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім (құқық және экономика негіздері және/немесе тарих және/немесе философия және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); қызметтер (кітапхана ісі және/немесе әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және/немесе мәдени-тынығу жүмысы және/немесе туризм ); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе филология және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану және/немесе археология және этнология және/немесе шығыстану және/немесе түркітану); заң (халықаралық құқық және/немесе құқық  және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (аспаптық орындау және/немесе дәстүрлі музыкалық өнері және/немесе режиссерлік және/немесе композиция және/немесе өнертану және/немесе сән өнері және/немесе мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау және/немесе баспа ісі және/немесе арт - менеджмент) саласында.

  3. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық  басқармасының
Мониторинг және талдау, цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Сапалы мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін ұйымдастыру, оларды әзірлеу мен мониторингіне және есептің дәйекті ұсынылуына қатысу. Әкімдіктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі бақылау құжаттарын орындау бойынша жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын сақтау және жақсарту мәселелері жөніндегі заңнамасын насихаттау және түсіндіру. Медициналық ұйымдар ұсынатын мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өзге де заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Алматы қаласы әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуы мониторингін жүзеге асыру. Басқарма басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша тапсырмаларының орындалуы жөніндегі анықтамаларды, ақпараттарды және талдамалық материалдарды дайындау үдерісінде барлық мемлекеттік органдармен және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Бекітілген есептік нысандар шеңберінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі статистикалық ақпаратты талдау. Қала әкімдігінің және Денсаулық сақтау басқармасының веб-сайттары үшін материалдарды, жетекшілік етуіне сәйкес, азаматтардың өтініштеріне берілетін жауаптарды дайындау. Денсаулық сақтау жөніндегі заңнамалық жобалармен және нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс, оларды келісуге дайындау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша алқа кеңестерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының, әр түрлі комиссиялардың, кеңестердің жұмысына қатысу. Басқарманың бұйрықтарының дайындалуын және орындалуын бақылау, оның аттестациялық комиссиясының жұмысына қатысу. Бөлімнің ағымдағы жұмыс жоспарларының әзірленуін ұйымдастыру және олардың іске асырылуын бақылау. Әкімдіктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылау құжаттарын орындау бойынша жұмысына, медициналық ұйымдардың инновациялық жұмысының тиімділігінің мониторингіне қатысу, тұрғындарға көрсетілетін ТМККК қол жетімділігі мен сапасына мониторинг жүргізу. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексерулер жүргізуді ұйымдастыру, жадынамалар әзірлеу, ұсынылатын материалдардың сапасы мен жинақталуын бақылау. Бөлімдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.  Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі өтініштерін қарау, оларға жауаптар дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша прокурорлық жауап қату актілеріне, әділет органдарының және өзге де уәкілетті органдардың өтініштеріне материалдар мен жауаптар дайындау. Басқарма өткізетін қоғамдық іс-шараларға қатысу. 

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе жалпы дәрігерлік тәжірибе және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі).

  4. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Азаматтық интеграция бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Қоғамдық-саяси ұйымдармен қарым-қатынас орнатып, диалогтік үрдіс механизмін дамыту; саяси орталықтармен, ғылыми мекемелермен жұмыс жасау; бөлімнің құзіреттілігі шегінде құқық қорғау органдарымен және БАҚ-пен жұмыс жасау; қоғамдық-саяси бірлестіктермен семинарлар, жиналыстар, пресс-конференциялар өткізу; заңнамаға сәйкес қалада бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер, демонстрацияларды өткізу бойынша жазғансаяси партия,қоғамдық бірлестіктер өкілдерініңөтініштеріне жауап дайындау; қоғамдық-саяси мекемелердің ұйымдастыруымен өтетін іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, талқыланған мәселелер жайында басшылықты хабардар ету; әлеуметтік жарнама және саяси маркетинг көмегімен бағдарламалық мақсаттың стратегиясын жасау, мемлекеттік құрылымдардың оң имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу; Алматы қаласының қоғамдық-саяси жағдайы және басқада аналитикалық құжаттар бойынша тоқсан сайынғы ақпарат дайындау; мемлекеттік тілді меңгеру.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру  (құқық және экономика негіздері, философия) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, дінтану) немесе құқық саласы (халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, журналистика, есеп және аудит, саясаттану, экономика, психология, әлеуметтану, аймақтану, қоғаммен байланыс,  мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

  5. Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының Мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық органдары саласындағы бюджет бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бюджет жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту үшін қажетті есептерді бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінен алу;  алдағы үш жылдық кезеңге мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары саласындағы шығындар бойынша бюджет жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысты орындау;

 осы шығыстар бойынша бюджетті нақтылау туралы ұсыныстарды қарау; мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) іске асырудан түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарларын тексеру және келісу; республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің және Алматы қаласы бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің игеруін мониторингілеу; жоғары тұрған органдарға бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте уақытылы ұсыну;

жедел ақпарат дайындау; жетекшілік ететін бағыт бойынша бюджетті құру мәселелері бойынша ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асыру; басқа да міндеттері бар.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

  6. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының Коммуналды-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Халықты сумен жабдықтау және су бұрудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету, су құбыры желілерінің өткізу қабілетін арттыра отырып, құрылысын ұйымдастыру, сондай-ақ инженерлік желілерді пайдалану бойынша кешенді жұмыстар жүргізу; халықты газбен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету, газ құбырлары мен газ реттеу пункттеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жылыту кезеңіне газ шаруашылығының дайындық жұмыстарын жүргізу. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы ПИК (пәтер иелерінің кооперативі), бағбандық қоғамдармен (ПК, СТ, ПКСТ) және ауданның коттедж қалашықтарымен өзара іс-қимыл жасау. Тұрғын үй коммуналдық саладағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша мемлекеттік және қалалық бағдарламаларға қатысу («ТКШ жаңғырту», «Аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру», «Қауіпсіз қала», Ескі үйлерді бұзу» және т.б.». Жер жұмыстарын жүргізу (қазу) және тротуарларды, жол жамылғыларын және жасыл желектерді уақтылы қалпына келтіру мониторингін жүзеге асыру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Өз функционалдық міндеттері шегінде аудан әкімінің шешімдерін дайындауға қатысу. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару  немесе құрылыс  немесе жылу энергетикасы  немесе электр энергетикасы); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика  немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші және ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар тестілеуден өтпейді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де (Алматы қаласы, Республика алаңы 4) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган
)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                                      ____________________________________
                   қолы                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата