Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 11.10.2013

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

23.01.2020

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

 

D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

D-O-4

168 875

220 271

Е-4

168 875

220 271

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
            1. Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының
Құқықтық қамтамасыз ету
бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жалпылама басшылыққа алу. Қол қоюға ұсынылған құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, құқықтық сипаттағы шешімдер мен өзге де құжаттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау барысында материалдардың дұрыс және сапалы дайындалуын бақылауды қамтамасыз ету, талап қою-қуыну жұмыстарын жүргізу, соттар мен басқа мемлекеттік органдарда Басқарма мүддесін қорғау. Басқарманы заңды қорғауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бөліммен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыру; еңбек тәртібін сақтау. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, өтініш берушілермен ұдайы консультациялық жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық актілерімен өзге мәселелерді өкілеттігінің шегінде шешу .

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану)  саласында.

2. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының Әкімшілік-қаржы бөлімінің  бас маманы-бас бухгалтері, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: 001, 007, 009 бағдарламалары бойынша бюджеттік қаржыландыру топтары жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады; бюджеттік қаржыландырудың қажеттілік жобаларын дайындап, оны Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына есептерді және оның дәйектемелерін жеткізіп, оны ары қарай қорғауды жүзеге асырады; бюджетке түзетулер енгізуге байланысты қажет болған жағдайда есептер мен негіздемелерді әзірлеуді және дайындауды қамтамасыз етеді; жылдық бюджеттің шығын сметаларын әзірлейді; қаржыландыру есебін және қорытынды анықтамасын дайындайды; бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуына бақылау жасайды, шығындардың бекітілген нормаларының растығын анықтайды; бағдарламалар бойынша тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептерді әзірлейді; Басқарманың қызметкерлеріне еңбекақыларын есептейді, бас кітапты жүргізеді, негізгі қаражатты есепке алу карточкаларын, теңгерімдік есептер бойынша айналымдық ведомосттарын жүргізеді; кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есептер жүргізеді; есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, мұрағатқа тапсыру мақсатында оларды белгіленген тәртіпте ресімдейді; дербес компьютермен 7:7 нұсқасындағы 1С бағдарлмасымен жұмыс істейді. 

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика) саласында.

  3. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарын жасауға, тоқсандық және айлық жеке жұмыс жоспарын құруға қатысу, жетекшілік ететін Басқарма басшысының орынбасарына бекітуге ұсыну.Жиынтық реестрлерді, іс-қағаздарды, кіріс және шығыс хат-хабарламаларды тіркеу және жүргізу. Өзінінің өкілеттілігі шегінде шаралар қолдану,  өтініштер мен арыздарды қарастыру  және заңнамамен белгіленген мерзімде жазбаша жауаптарды   дайындау. Конкурстық комиссиясының мүшесі (хатшысы) ретінде Басқарма аппараты, ведомствалық бағынысты ұйымдар үшін  жұмыстарды, тауарларды  және қызметтерді мемлекеттік  сатып алу бойынша конкурстар (тендерлер) өткізуді ұйымдастыру және жүргізу. Басқарма аппараты  мен ведомствалық бағынысты ұйымдар үшін тауарлар, жұмыс және қызметтерді жеткізу бойынша конкурс жеңімпаздарымен келісім-шартқа отыру үшін материалдар дайындау. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу мерзімі мен сапасын, санын бақылау үшін келісім-шартқа отыру шеңберінде жабдықтаушылармен жұмыс жасау үшін Басқарма бөлімдеріне материалдарды беру. Өз өкілеттілігі шеңберінде, алқа кеңесінің жиналыстарына, отырыстарына материалдарды дайындау. Бөлім жұмысына қатысты қолданыстағы заңнаманың, нормативтік актілердің, бұйрықтар және ішкі құжаттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алулар мәселесі бойынша комиссия отырысының жұмысын ұйымдастыру және өткізу. Тізбесі және мерзімдері бекітілген есептік нысандар шеңберінде бөлім қызметі туралы ақпаратты жинау, жинақтау және талдауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің бақылау құжаттарын орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алулар және басқа да мәселелер жөнінде азаматтық-құқықтық қатынастар мен сот процестерінде  Басқарманың мүддесін ұсыну. Басқарманың  қаржылық және экономикалық бөлімдерімен бірлесе  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде Жылдық жоспар әзірлеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру және орындалу мерзімін сақтау, потенциалды жабдықтаушылардың хаттары мен шағымдарына жауап дайындау, бақылаушы органдарың сұранысына конкурстың өткізілгендігі жөнінде ақпарат дайындау. Басқарма Web-сайтында, ҚР мемлекеттік сатып алу веб порталында конкурс өткізілетіні жөнінде, конкурс қорытындысы, конкурс құжаттары, ашу және өткізу хаттамалары, конкурс нәтижесі туралы хаттамаларды орналастыру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың белгіленген рәсімдемелерін орындау. Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқаруды енгізу жөніндегі жұмыстарға қатысу.  

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе іскерлік әкімшілікжүргізу және/немесе экономика және менеджмент және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару) саласында.

  4. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының
Қаржыландыру, бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімінің бас маманы
негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 21.01.2022 ж.), D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бекітілген есепке алу-есептілік құжаттамасы шеңберінде, Қоғамдық денсаулық басқармасы қызметінің есепке алу және есептілігін ұйымдастыру.    Есептілікті әзірлеу үшін тиісті есепке алу учаскелері жөніндегі деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау (орталықтандырылған жеткізу бойынша жеткізушілердің есептерін тексеру). Қазынашылық департаментіне міндеттемелерді, төлем шоттарын тіркеуге арналған өтінімдерді дайындауға және жасауға қатысу. Келісу бұрыштамаларын жинау, қажетті құжаттарды көбейту, оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу. Өтінімдер бойынша құжаттарды, анықтамаларды дайындау. Бөлімнің құжат айналымы тәртібін қамтамасыз ету. Басқарманың жоғары органдарымен, медициналық және бөгде ұйымдармен, жеке тұлғалармен хат алмасу. Қоғамдық денсаулық басқармасының негізгі қызметі жөніндегі бұйрықтарды әзірлеу. Алқа кеңесінің отырыстарына, жедел және жұмыс кеңестеріне материалдар әзірлеу, басқарманың және медициналық ұйымдардың жоғары органдарына талдамалық және оперативті ақпарат дайындау.  Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруда өз құзыреті шегінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету. Мемлекеттік активтер басқармасының, Стратегия және бюджет басқармасының бөлімдерімен, Қазынашылық департаментімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен, Статистика басқармасымен және басқа мемлекеттік органдармен, Қоғамдық денсаулық басқармасының бас мамандарымен және бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және менеджмент және/немесе жобаны басқару) саласында.

5. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік - құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы орнында болмаған жағдайда, оның міндеттерін атқарады; Көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу әдістемелері мен түрлерін жетілдіру жұмыстарымен айналысады; құзырлы органдармен нашақорлыпен күресу жұмыстарын жүргізеді; бөлімге азаматтардан, мекемелерден келген өтініштер мен хаттарды қарастырады; оларға, тәжрибе барысында себептерін анықтап, жұмыс барысында көрсетілген кемшіліктердің қайталанбауы үшін талдау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдайды; есірткі және нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді; жеке және заңды тұлғалардың талап-арыздарын қарастырады, аудан әкімі аппаратының мүддесін сот органдарында, сот үдірістеріне қатысады және қорғайды; Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болмаған жағдайда оның орнына аудан әкімінің өкімдері және шешімдеріне  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қол кояды; азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізеді; қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша азаматтарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді; аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық қызмет, құрылымдық бөлімшелер және азаматтар арасында құқықтық білім аясында семинарлар өткізу жұмыстарын ұйымдастырады; мамандандырылмаған медиаторлар тізілімін жүргізеді; аудандық Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес үшін бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру ведомствоаралық штаб-пәтерінің жұмысын бақылайды және хатшысы ретінде аталған штабтың бекітілген Жоспарына сәйкес жүктелен жұмыстарын атқарады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім құқық  саласында (құқықтану) саласында.

            Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

  6. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының  Мемлекеттік - құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,   (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларының, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» кодексінің, ел Президенті мен Үкіметінің актілерінің,  қала және аудан әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілерінің және тапсырмаларының, аудан әкімі аппаратының және бөлім жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуге;Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті сақтау шараларын күшейту мақсатында, құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырады және аталған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге; «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ауданда кәсіпқой емес медиаторларының тізімін жүргізеді;«Нормативтік құқықтық актілерінің жұмыстарына мониторинг жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуге; Әкім аппаратында аудандағы мемлекеттік қызметкерлерге құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастыруға; Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Ведомствоаралық штабтың жұмысын ұйымдастыруға; Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігі жанындағы мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссия жұмысын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұйымдастыруға; Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың өтініштері мен хаттарына жауап беруді ұйымдастыруға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін келісуге; Аудандық қызметтер мен құрылымдық бөлімшелерден және мемлекеттік мекемелерден, сонымен қатар, мекемелердің лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген міндеттерін орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ақпараттар мен өзге де мәліметтерді сұратуға; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, аудан әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот отырыстарына қатысуға; Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының тиісті комиссияларының жұмыстарына қатысуға; Қазақстан Республикасы заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен анықталған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін сақтауға міндетті.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында.

            Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

7. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының  Мемлекеттік - құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: ҚР Конституциясының, ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі Қаулыларының, Алматы қаласы мәслихаты сессиялары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Құқықтық білім беру Мектебінің жұмысын қамтамасыз етеді. ҚР қолданыстағы заңнамаларын насихаттау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру және құқықтық білім беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдердің және өкімдердің жобасын дайындайды. ҚР әрекет етуші заңнамасын және аудан тұрғындарын құқықтық оқытуды насихаттау мәселелері бойынша әділет және құқық қорғау органдары арасында байланысты қамтамасыз етеді. Қалалық ведомствоаралық комиссияға Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР ӘҚБ туралы кодекстің қолданылуы жөнінде ақпарат дайындайды. Сот отырыстарының жұмысына қатысады және талаптарды дайындайды. Ауданның құрылымдық бөлімшелерімен бірге, өз құзіреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды. Азаматтардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарламаларды қарайды және оларға талдау жасайды.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында.

            Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

8. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының  Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің аппаратының Мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру жұмысына қатысады,  техника-экономикалық қызмет көрсету негіздемесін дайындайды. Алатау ауданы әкімінің аппараты бойынша  сұраныс бағасына ұсыныс және бір көзден, ашық байқау тәсілімен қызмет көрсету, мемлекеттік тауарларды сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді және дайындайды. Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады, қажетті құжаттарға қол қойдырады және дайындайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді. Потенциалды жеткізушілерге уақытша тапсырыс, баға ұсынысын береді, конкурсқа қатысу тапсырысын тіркейді, конкурс құжаттарының көшірмелерін алған адамдарды журналға тіркейді. Келісім шарттардың тіркеуін жүргізеді, мемлекеттік сатып алуға қатысты бөлімдердің іс жүргізуін үйлестіреді.  Мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды және өкімді дайындайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті мекемелерге есеп жасайды және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. Келісім шарт бойынша (жеткізу мерзімі) міндеттемелердің орындалу мерзімін бақылайды және келісім шарт дайындайды. Мемлекеттік  сатып алу порталына Қазақстан мазмұны бойынша деректерді енгізеді, мемлекеттік сатып алудың тіркелуінің орындалуын және келісім шарттың енгізілуін қамтамасыз етеді. Бюджетке өзгерістер енгізілген кезде аппараттың бөлімдерінен алынған бюджет жинағының тапсырысын жасайды және тиісті мекемелерге өткізеді. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың өтініш, арыздарын, қарастырады.        Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында.

            Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші және ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар тестілеуден өтпейді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де (Алматы қаласы, Республика алаңы 4) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган
)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                                      ____________________________________
                   қолы                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата