Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 11.10.2013

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

09.12.2019

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

       мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

168 875

220 271

Е-4

168 875

220 271


  





«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындауларын бақылау. Кіріс корреспонденцияларының орындалуын бақылау және оған мониторинг жүргізу. Басқармада іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Құжаттарды рәсімдеуге, орындалуына, дайындалуына қойылатын талаптардың бірыңғайлығын бақылау және қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін, Алматы қаласының әкімдігін сұралатын мәселелер бойынша ақпараттандыру, бақылау құжаттарымен жұмыс. Мемлекеттік ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларының орындалуына бақылау. Басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауына қатысу, тұрғындардан келіп түскен өтінімдерді және шағымдарды тіркеу. Келіп түсетін және шығыс, оның ішінде «ҚПҮ» шектеу белгісі бар корреспонденцияларын есепке алуды, тіркелуін, айналымын жүзеге асыру. Басқарма аппараты қызметкерлерінің деректер базаларын архивтеу. Сенім телефоны бойынша азаматтардың ауызша және жазбаша түрдегі өтініштерінің талдауын, тұрғындары шағымдарының негізділігіне сараптамалық бағалауды ай сайын жүзеге асыру, шағымдарда негізделген айыптылардың жазаларын бақылау, Басқарма басшысына және бөлім басшысына талдауды әзірлеу. Кіріс және шығыс құжаттамасын, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларды өтініштерін, прокуратурадағы және қала әкімдігіндегі бағдарламалық қамтамасыз етулерде қызметтік корреспонденцияларды есепке алуды және орындалуы мониторингін жүргізу. Өтінімдерді қарау мерзімдерінің сапалы және уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады, сенім телефонының жұмысын қамтамасыз етеді, Басқарма басшылығын өтініштердің себептері бойынша ай сайын ақпараттандыру. Тиісті бағдарламалық қамтамасыз етулер бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жылдық есептерді дайындау және қалалық прокуратураға, қала әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беру.  Басқарма ұйымдарының басшыларымен азаматтардың жағымсыз ауызша және жазбаша түрдегі өтініштерінің алдын алу және жауап қату мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Қала әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтары өтінімдерінің, шағымдарының және өтініштерінің саны мен сипаты, өтініштердің себептері және қабылданған шаралар бойынша белгіленген мерзімде ақпаратты дайындау.Мұрағатқа беру үшін істерді әзірлеу. Өз құзыреті шеңберінде Басқарманың бөлімдері және бас мамандарымен, кеңсесімен және қала әкімдігімен, денсаулық сақтау ұйымдарымен және басқа да органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

2. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Экономика, жоспарлау және активтерді басқару бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу, кейіннен тоқсан сайын және ай сайынғы жеке жұмыс жоспарларын бекітуге ұсына отырып, оларды әзірлеу. Жинақтық тізілімдерді, іс жүргізуді, кіріс және шығыс корреспонденцияларын тіркеу және жүргізу.  Бөлім басшысының және бөлім кураторының бұрыштамасы бар, Басқарма басшысына қол қоюға берілген бөлінген өкілеттіліктерді және жазбаша жауаптарды ұйымдастыру шегінде кейіннен шаралар қабылдай отырып, өтініштер мен арыздарды заңмен белгіленген мерзімде қарау. Бас дәрігерлермен бірлесе отырып, Басқарманың медициналық ұйымдарының ғимараттары мен қоршауларын күрделі жөндеу және сейсмикалық нығайту үшін ақау ведомостарын жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу жөніндегі титулдық тізімдерді әзірлеуге қатысу. Жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау үшін бастапқы деректерді берулді қамтамасыз ету. ЖСҚ-ға берілетін тапсырмаларды дайындауды қамтамасыз ету және оны белгіленген тәртіппен келісуді жүргізу. Жобалау үшін бастапқы деректердің толық және сапалы берілуін қамтамасыз ету. Жобалау ұйымымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және берудің күнтізбелік кестесінің орындалуына қойылатын шарттарды қамтамасыз ету. Медициналық ұйымдарда орындалатын құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасын, қолданылатын материалдардың, жеткізілетін құрал-жабдықтардың және техникалық құжаттаманы жүргізу сапасына бақылауды жүзеге асыру. №2 нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру, ақы төлеу үшін орындалған жұмыстардың жинақтық тізілімін әзірлеу, жұмыстың барлық түрлеріне қабылданған бағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету. Жұмыс ұзақтығының нормаларына сәйкес, белгіленген мерзімде ақауларды анықтау, денсаулық сақтау нысандары дайындығының актілерін жасау бойынша аяқталған жұмыс көлемдерін қабылдау жөніндегі жұмыс комиссияларының құрамына қатысу.      Денсаулық сақтау нысандары бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, тапсырыс берушінің, авторлық және техникалық қадағалау қызметтерімен болатын жұмыста өзара іс-қимыл жасау. Шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін мердігерлік ұйымдарға уақытылы наразылығын білдіру. Нысандар бойынша технологиялық, электрлік-техникалық, мамандандырылған және басқа да қажетті құрал-жабдықтарға өтінімдерді келісу және уақтылы ресімдеу. Жобалар және сметалық есеп-қисаптар, ҚН және ҚНЖҚ бойынша орындалатын жұмыс көлемнің сәйкестігіне, құны мен сапасына бақылауды және техникалық қадағалауды жүзеге асыру. Қалалық статистикалық басқармаға №1-инвест нысаны бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы ай сайынғы есепті және Қазақстан Республикасының  республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларын іске асыру туралы тоқсан сайынғы есепті әзірлеу және ұсыну. Қоғамдық денсаулық басқармасының ғимараттарына шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі бөлім қызметін қамтамасыз ету. Медициналық ұйымдардағы санитариялық тазалықты бақылауды, бөлінген және белгіленген аумақтардың абаттандырылуын жүзеге асыру, олардың аталған мәселе бойынша жалпықалалық іс-шараларға қатысуын бақылау, жиынтық есептерді әзірлеу және сенбіліктер өткізу жөніндегі қалалық штабқа ұсыну. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру, ғимараттың пайдалануын жақсарту, мекелердің алдын безендіру бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу. Заңда белгіленген тәртіппен, ғимараттар, қоршаулар және жер учаскелері түріндегі медициналық ұйымдардың жылжымайтын мүліктерін тіркеудің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру. Өтінімдер бойынша құжаттарды дайындау. Конкурстық комиссиясының мүшесі ретінде қаланың медициналық ұйымдары, Басқарма аппараты үшін тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Медициналық ұйымдар мен Басқарма аппараты үшін тауарларды жеткізу және қызметтер көрсету бойынша конкурстың жеңімпаздарымен шарттарды бекітуге арналған материалдарды дайындау. Тауарлар мен қызметтердің саны, сапасы және жеткізу мерзімдерін бақылау жөніндегі бекітілген шарттар шеңберінде, жеткізушілермен жұмыс істеу үшін Басқарманың бөлімдеріне материалдар беру. Өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша кеңестерге, алқа кеңесінің отырыстарына материалдарды дайындау. Қолданыстағы заңнаманың, нормативтік актілердің, бөлім қызметіне жататын бұйрықтары мен ішкі құжаттары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.  Мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және отырыстарын өткізу. Тізбе мен мерзімдері жөніндегі бекітілген есептік нысандары шеңберінде, бөлім қызметі туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды ұйымдастыру. Әкімдіктің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылау құжаттарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Сенімхат негізінде, мемлекеттік сатып алу мәселелері және өзге де мәселелер бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарда және сот процестерінде Басқарманы ұсыну. Басқарманың экономикалық-қаржы, бухгалтерия мәселелері жөніндегі бөлімдерімен бірлесе отырып, Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі жылдық жоспарды әзірлеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және орындау мерзімдерін қатаң сақтау, әлеуетті жеткізушілердің хаттарына және шағымдарына жауаптар дайындау, бақылаушы органдардың сұрау хаттарына өткізілген конкурстар туралы ақпарат дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе көлік құрылысы және/немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат және/немесе строительство и эксплуатация зданий и сооружений, производство строительных изделий и конструкций және/немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы) саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

3. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Қаржыландыру, бухгалтерлік есепке алу және есептілік  бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 21.01.2022 ж.), D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бекітілген есепке алу-есептілік құжаттамасы шеңберінде, Қоғамдық денсаулық басқармасы қызметінің есепке алу және есептілігін ұйымдастыру.    Есептілікті әзірлеу үшін тиісті есепке алу учаскелері жөніндегі деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау (орталықтандырылған жеткізу бойынша жеткізушілердің есептерін тексеру). Қазынашылық департаментіне міндеттемелерді, төлем шоттарын тіркеуге арналған өтінімдерді дайындауға және жасауға қатысу. Келісу бұрыштамаларын жинау, қажетті құжаттарды көбейту, оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу. Өтінімдер бойынша құжаттарды, анықтамаларды дайындау. Бөлімнің құжат айналымы тәртібін қамтамасыз ету. Басқарманың жоғары органдарымен, медициналық және бөгде ұйымдармен, жеке тұлғалармен хат алмасу. Қоғамдық денсаулық басқармасының негізгі қызметі жөніндегі бұйрықтарды әзірлеу. Алқа кеңесінің отырыстарына, жедел және жұмыс кеңестеріне материалдар әзірлеу, басқарманың және медициналық ұйымдардың жоғары органдарына талдамалық және оперативті ақпарат дайындау.  Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруда өз құзыреті шегінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету. Мемлекеттік активтер басқармасының, Стратегия және бюджет басқармасының бөлімдерімен, Қазынашылық департаментімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен, Статистика басқармасымен және басқа мемлекеттік органдармен, Қоғамдық денсаулық басқармасының бас мамандарымен және бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе экономика және менеджмент және/немесе жобаны басқару)  саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

4. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: ҚР Конституциясының, ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі Қаулыларының, Алматы қаласы мәслихаты сессиялары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Құқықтық білім беру Мектебінің жұмысын қамтамасыз етеді. ҚР қолданыстағы заңнамаларын насихаттау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру және құқықтық білім беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдердің және өкімдердің жобасын дайындайды. ҚР әрекет етуші заңнамасын және аудан тұрғындарын құқықтық оқытуды насихаттау мәселелері бойынша әділет және құқық қорғау органдары арасында байланысты қамтамасыз етеді. Қалалық ведомствоаралық комиссияға Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР ӘҚБ туралы кодекстің қолданылуы жөнінде ақпарат дайындайды. Сот отырыстарының жұмысына қатысады және талаптарды дайындайды. Ауданның құрылымдық бөлімшелерімен бірге, өз құзіреті шегінде нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды. Азаматтардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарламаларды қарайды және оларға талдау жасайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

4. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің аппаратының Мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру жұмысына қатысады,  техника-экономикалық қызмет көрсету негіздемесін дайындайды. Алатау ауданы әкімінің аппараты бойынша  сұраныс бағасына ұсыныс және бір көзден, ашық байқау тәсілімен қызмет көрсету, мемлекеттік тауарларды сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді және дайындайды. Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады, қажетті құжаттарға қол қойдырады және дайындайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді. Потенциалды жеткізушілерге уақытша тапсырыс, баға ұсынысын береді, конкурсқа қатысу тапсырысын тіркейді, конкурс құжаттарының көшірмелерін алған адамдарды журналға тіркейді. Келісім шарттардың тіркеуін жүргізеді, мемлекеттік сатып алуға қатысты бөлімдердің іс жүргізуін үйлестіреді.  Мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды және өкімді дайындайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті мекемелерге есеп жасайды және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. Келісім шарт бойынша (жеткізу мерзімі) міндеттемелердің орындалу мерзімін бақылайды және келісім шарт дайындайды. Мемлекеттік  сатып алу порталына Қазақстан мазмұны бойынша деректерді енгізеді, мемлекеттік сатып алудың тіркелуінің орындалуын және келісім шарттың енгізілуін қамтамасыз етеді. Бюджетке өзгерістер енгізілген кезде аппараттың бөлімдерінен алынған бюджет жинағының тапсырысын жасайды және тиісті мекемелерге өткізеді. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың өтініш, арыздарын, қарастырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                                      ____________________________________
                   қолы                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата