Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 11.10.2013

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

06.12.2019

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік

әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

       мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

195 895

255 514

 





   «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Жұмылдыру дайындығы және құпияны қорғау жөніндегі бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Тоқсандық және айлық жеке жоспарлар құрып, оны кейіннен бекіту үшін ұсыну. Құпиялық тәртібін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау басқармасы мен құпия жұмыстар жүргізілетін мекемелерде құпиялылықтың үнемі сақталуын тұрақты түрде бақылау. Бейбіт кезде жұмылдыру дайындығы бойынша шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру. Жедел жәрдем қызметінің әскерилендірілмеген құрамалары мен азаматтық қорғау жұмыстарын бақылау. Басқарманың, Денсаулық сақтау ұйымдарының азаматтық қорғау және ТЖ (өрт қауіпсіздігі және т.б.) бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Қаладағы медицина қызметінің жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету, қаладағы медициналық ұйымдарда әскери міндетті қызметкерлерін брондау, ТЖ және АҚ басшы құрамының және жедел көмек көрсететін жеке құрамының жедел және әскери даярлығын қамтамасыз ету. Тек бірінші басшыға есеп береді және бағынады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: техникалық ғылымдары мен технологиялар (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе инженер); әскери ісі және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі және/немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері және/немесе әскери мамандықтар бойынша); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе іскерлік әкімшілікжүргізу және/немесе экономика және менеджмент және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

2. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Емдеу-профилактикалық қызмет және дәрілік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтарын, Алматы қаласы әкімдігі өкімдерінің, қаулыларының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың наразылықтарына жауаптар дайындау үшін қажетті анықтамалардың, есептеулердің, түсініктемелердің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың медициналық көмек көрсету сапасы жөніндегі өтініштерін қарау. Қала әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Денсаулық сақтау басқармасының веб-сайттары үшін азаматтардың өтініштеріне берілетін жауаптары, сұрау хаттары бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша кеңестерге, алқа кеңестерінің отырыстарына материалдар дайындау. Денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын дайындауға қатысу. Бекітілген іс номенклатурасына сәйкес, іс жүргізуді, жұмыстың жүргізілуін және ведомстволық мұрағатқа беру үшін олардың дайындалуын бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шеңберінде, Денсаулық сақтау басқармасының бөлімдерімен, бас мамандарымен және өзге де органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Ведомстволық бағынысты құрылымдардың штаттан тыс бас мамандарының қызметіне бақылау жүргізу және оларға қажетті әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету. Хирургиялық қызметтің жұмысына бағытталған үйлесімділіктерді жүргізу және іс-шараларды бақылау.  Республикалық және білім беру ұйымдарының қатысуымен өтетін қоғамдық, Мамандықтар бойынша қауымдастықтардың отырыстарында, дәрігерлік конференцияларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды және сапасын бұдан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстарды пысықтау үшін, хирургиялық қызмет бойынша конъюктуралық есептерді әзірлеу. Терапевтік қызмет бойынша қызметтердің негізгі көрсеткіштеріне есептеу жүргізу, олардың өсімділігін талдау және бағалау. Медициналық ұйымдар ұсынатын талдамалық материалдардың сапасына және дәйектілігіне, Емдеуге жатқызу порталына бақылау жүргізу. Бөлім басшысының келісімі бойынша, бас маманның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша алқа кеңестерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының, әр түрлі комиссиялардың, басқа да ұйымдары кеңестерінің жұмысына қатысу. Денсаулық сақтау жөніндегі заңнамалық жобалармен және нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс, оларды келісуге дайындау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу. 

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (жалпы медицина және/немесе терапия және/немесе жалпы дәрігерлік тәжірибе және/немесе жалпы хирургия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

3. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Емдеу-профилактикалық қызмет және дәрілік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу, кейіннен тоқсан сайын және ай сайынғы жеке жұмыс жоспарларын бекітуге ұсына отырып, оларды әзірлеу.Қаласының медициналық ұйымдарының дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық жабдықтарға жиынтықты қажеттілігін жасау үшін бастапқы деректерді дайындау.Қаласының медициналық ұйымдарында медициналық құрал-жабдықтардың болуы мен жай-күйі туралы деректер базасын тұрақты түзету.Дәрлік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық құрал-жабдықтардың саны, сапасы және жеткізу мерзімдерін бақылау жөніндегі бекітілген шарттар шеңберінде, жеткізушілермен жұмыс істеу.Өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша кеңестерге, алқа кеңесінің отырыстарына материалдарды дайындау. Жеткізудің кепілдік берілген мерзімі шеңберінде, медициналық ұйымдарда қолда бар медициналық құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын бақылауды, сондай-ақ, медициналық ұйымдары басшыларының ұсыныстарын ескере отырып, оны уақытылы қайта бөлуді жүзеге асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық құрал-жабдықтардың бар-жоғы, бағалары және жабдықтау перспективалары туралы маркетингтік-ақпараттық жұмысты өткізу.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және орындау мерзімдерін қатаң сақтау, әлеуетті жеткізушілердің хаттарына және шағымдарына жауаптар дайындау, бақылаушы органдардың сұрау хаттарына өткізілген конкурстар туралы ақпарат дайындау.Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, бекітілген іс номенклатурасына сәйкес істерді әзірлеу және ведомствалық мұрағатқа тапсыру үшін оларды дайындау.Басқарма басшысының, орынбасарларының, бөлім басшысының тапсырмаларын уақытылы орындау.           Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе жалпы дәрігерлік тәжірибе және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            4. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының Экономика, жоспарлау және активтерді басқару бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,  (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысының жоспарын құруға қатысу. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының Даму жоспарын және  Даму жоспарын орындау бойынша есептерді келісуге қатысу, есептемелерді тексеру. Медициналық ұйымдарға және жоғары тұрған басқару органдарына  аналитикалық және  шұғыл ақпараттарды дайындау, кеңес алқаларына, жедел және жұмыс жиналыстарына  материалдарды  дайындауға қатысу. Басқарманың бөлімдері және бас мамандарымен, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі бөлімдерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық-экономикалық бөлімімен, Мемлекеттік активтер  басқармасы, Стратегия және бюджет басқармасы және басқа да қалалық құрылымдармен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры»-мен қарым-қатынаста болу. Бөлімнің құзіреттігі шегінде Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек  көрсету. Қоғамдық денсаулық басқармасының мемлекеттік мекемелер мен олардың басшылары, орынбасарлары мен бас бухгалтерінің лауазымдық жалақысы жөнінде еңбекақы қорын белгілеу мәселесі туралы бұйрықтың жобасын дайындауға қатысады. Ағымдағы хат-хабарламалармен жұмыс. Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдарынан бекітілген формаға сәйкес еңбек жөнінде 1-т нысанындағы есепті жинау, жинақтау және талдау (тоқсандық, жылдық) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат ұсыну.  Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдарының Даму жоспарының қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін орындауына талдау жүргізу. Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдарының жалақыны уақтылы төлеуді мониторингілеу, дәрігерлер жалақысының экономикалық аймақ жалақысына ара қатынасын талдау. .Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен инвестицияларды енгізу және мониторингілеу. Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдар қызметінің мониторингі. Мемлекеттік активтерді басқару мәселесі жөнінде  анықтама қағаздарын, ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындау. Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің сараланған еңбекақысы бойынша есептемелерді қабылдау, жинақтау және талдау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ақпаратты ұсыну. Басқарманың ведомствалық бағынысты ұйымдарында корпоративті басқару принципін енгізу және дамыту жұмысына қатысу. Басқарма қарамағындағы ұйымдарға бекітілген коммуналдық мүлікті алу, беру, алып қою, шығынға жазу мәселесі бойынша  шешімдер мен басқа да құжаттарды алдын ала қарастыруға және келісуге қатысу. Өз құзіреті шеңберінде жобалық басқару, «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» бастамалық жобасы мәселелері жөніндегі және индикаторларға қол жеткізуді мониторингілеу іс-шараларына қатысу. Басқарма басшылығының нұсқаулықтарын, өкімдерін және бұйрықтарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе қаржы және кредит және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе іскерлік әкімшілікжүргізу және/немесе экономика және менеджмент және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару) саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган
)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                                      ____________________________________
                   қолы                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата