Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 11.10.2013

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

05.04.2019

Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-O-3 санаты үшін:  жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-O-3

305 771

398 831

 

 «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №123 бөлме,  анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Бөлім мамандарының қызметіне басшылық жасау, олардың қызметтік міндеттерін бөліп беру және олардың нәтижелі орындалуына жағдай жасау, бөлім жұмысының келешектегі және ағымдық жоспарын жасау. Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) қолданыстағы заңнамасына, бұйрықтарына және нұсқаулықтарына, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың өкімдеріне және тапсырмаларына сәйкес, акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру. МСАК-ты дамыту артықшылығын, емханалық желісі жұмысының медициналық-әлеуметтік бағытталушылығын ескере отырып, әйелдер және балалар қауымына медициналық-профилактикалық көмек көрсетуді, емдеудің уақытылы ұсынылуын максималды түрде қамти отырып, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық қызметті жоспарлау және үйлестіру. Басқарманың штаттан тыс бас мамандарының қызметін құзыреті шеңберінде бақылау және үйлестіру. Ана мен бала  сырқаттанушылығы мен өлім-жітімі деңгейін ай сайын талдау, өлім-жітім көрсеткішіне әсер ететін факторларды анықтау және болдырмау, әйелдерге және балаларға медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасын бақылау бойынша сараптама жүргізу, акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін енгізу. Тұрғындарға көрсетілетін профилактикалық, диагностикалық және емдеу-оңалту акушерлік-гинекологиялық және педи атриялық көмектің сапасын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі талаптарының сақталуын бақылау. Орталықтандырылған қаражат есебінен сатып алынатын медициналық құрал-жабдықтарды жоспарлауға және бөлуге қатысу. Жоспарланған көлемдерге сәйкес, фертильді жастағы әйелдерді және балаларды жоғары технологиялық көмекпен және шипажайлық сауықтырумен қамтамасыз ету. Әйелдерге және балаларға бейінді кезеңдік профилактикалық тексеріс-қараулардың, динамикалық қадағаулардың және сауықтырулардың жүргізілуін бақылау. Ұлттық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуына сараптамалық бағалау жүргізу. Жоғары тұрған ұйымдарға, өзге де ведомстволарға және БАҚ-ға есептерді, талдамалық анықтамаларды, ақпаратты әзірлеу және ұсыну. Акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық қызмет жөніндегі жұмыс жоспарын жинақтау үшін оны әзірлеу және ұсыну, жоспардың орындалуына жауап беру. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша алқа кеңестерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Практикалық дәрігерлердің медициналық конгрестердің, форумдардың, құрылтайлардың, семинарлардың жұмысына қатысуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласындағы ғылымның жетістіктерінің тәжірибеге енгізілуін бақылау. Репродуктивті және балалардың денсаулық сақтау, сондай-ақ ауруханада жан тапсыру жағдайларын төмендету бойынша іс-шараларды үйлестіру және бақылау. Медициналық ұйымдардың Басқармаға ұсынатын талдамалық материалдардың сапасы мен дәйектілігін бақылау. Басқарма өткізетін қоғамдық іс-шараларға қатысу. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі хаттарды, өтініштерді және шағымдарды қарау. Басқа да бөлімдермен, штаттан тыс бас мамандармен, стационарлардың бас дәрігерлерімен, МСАК-пен, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарларымен, медициналық ұйымдары бөлімшелерінің меңгерушілерімен, ҚДСД-мен, БАҚ-мен, ведомстволық бағынысты медициналық қызметтермен, ҒО-мен, ҒЗИ-мен, республикалық мекемелермен, ҚазҰМУ-мен, ҚазМҮББУ-мен, қалалық СӨС қалыптастыру орталығымен, АХАЖ органдарымен өзара іс-қимыл жасау.             Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (жалпы медицина және/немесе жалпы дәрігерлік тәжірибе және/немесе педиатрия және/немесе акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекология және/немесе дәрігерлік емдеу ісі)  саласында.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.


«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

 

 

 

 

 

                  ____________________________________
                                                  (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

_________________                                          ____________________________________
                   қолы                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.