Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Құрылу күні: 03.10.2018

Басқарма басшысының блогы

Алғы сөз

Құрметті   Денсаулық сақтау басқармасы ресми сайтының қонақтары!

Біз Сіздермен Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ресми интернет-ресурсының бетінде  қауышқанымызға  өте қуаныштымыз!

Халық денсаулығы – бұл еліміздің ең басты құндылығы, осындай аса маңызды құндылығымызды қорғау қаладағы бәсекеге қабілетті түрлі жекеменшік түріндегі және өзара тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын жан-жақты дамыған денсаулық сақтау саласына жүктелген.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылсайынғы қазақстандықтарға жолдайтын Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі, осы саланың дамуына бағыт-бағдар беретін Елбасының тапсырмаларын басшылыққа алаып отырмыз, сондықтан қаламыздағы  денсаулық сақтау жүйесінде медициналық қызмет сапасын заман талабына сай арттыру және әрбір қала тұрғынының қол жеткізу мүмкіндігін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау қажеттілігіне басты назар аударылған.


Күнделікті күйбең тіршілік пен қарбаласқа толы заманда қаламыздың дамуына қосатын елеулі үлесіміз – алматылықтардың денсаулығы! Сондықтан денсаулық сақтау саласындағы басталған барлық жаңа бастамалардың табысы әрбір медициналық қызметкердің адал атқарған қызметіне байланысты.


Өмірде таңдап алған өз мамандығына бар жан-тәнімен қызмет атқарып отырған біздің медициналық қызметкерлеріміз қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту үшін күш-қайратын аямай қызмет атқаратына сенемін.


Сіздер біздің ресми сайтымыздан өздеріңізге қажетті барлық ақпаратты таба аласыздар. Қаламыздың денсаулық сақтау саласына қатысты өз сауалдарыңызды қоюларыңызға болады. Өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелермен бөлісіп, біздің медициналық қызметкерлерімізге жылы лебіздеріңізді білдіруге болады.  Сайттан сіздер денсаулық сақтау саласы бойынша соңғы жаңалықтар мен жоспарланған іс-шаралар анонстарымен танысуларыңызға болады.


Баршаңызға  денсаулық тілеймін!

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы