Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Қатысушылар саны

Қазір
10
Бүгін
766
Кеше
2709
Барлығы
2618149
Хабарландыру

Хабарландыру

26.12.2019

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

 

Алматы қаласы Алмалы ауданы Әуезов көшесі 37-үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы филиалы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7  тамыздағы №591   бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының  57-тармағына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында  2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің түрлері/медициналық көмектің нысандары/қызметтер* бойынша:

1) консультациялық-диагностикалық көмек; КЖБШН кірмейтін КДҚ -

қатерлі ісік ауруына күдікті бар науқастар үшін (Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 29 маусымында № 395 РЦКК бекіткен 2018-2022 жылдарға арналған рак ауруларымен күрестің кешенді жоспарына сәйкес) мамандандырылған бағытта диагностикалық зерттеулердің қымбат түрлері: компьютерленген томография, магнитті-резонансты томогрфия

бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Алматы қаласының аумағында көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалына Алматы қаласы Алмалы ауданы Әуезов көшесі 37-үйде ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн –   2019 жылғы «26» желтоқсан  09 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2019 жылғы «27» желтоқсан 15 сағат 00 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (727) 2965815.

 

Ескертпе:

* медициналық көмектің/қызметтердің түр(лер)і/нысан(дар)ы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес көрсетіледі.

**медициналық қызметтердің көлемін  ораналастыру көлемін орналастыру рәсімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларының»  57 тармағына сай 2019 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге шарт жасалған қызметтер берушілер арасында жүргізіледі.


Возврат к списку