Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Қатысушылар саны

Қазір
9
Бүгін
1103
Кеше
1789
Барлығы
2460918
Әуезов аудандық әкімшілігі ұйымдастырған волейбол жарысына «10 Қалалық емхана» қызметкерлері де қатысып, жүлделі орынға ие болды

Әуезов аудандық әкімшілігі ұйымдастырған волейбол жарысына «10 Қалалық емхана» қызметкерлері де қатысып, жүлделі орынға ие болды

19.09.2019
Салауатты өмір салтын насихаттау барысында Әуезов аудандық әкімшілігі ұйымдастырған волейбол жарысына «10 Қалалық емхана» қызметкерлері де қатысып, жүлделі орынға ие болды. Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Возврат к списку