Бөлімдер

2-2.jpg
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Қатысушылар саны

Қазір
6
Бүгін
1151
Кеше
1789
Барлығы
2460964
Азаматтарды медициналық-санитариялық  алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау  субъектілеріне бекіту науқаны  жүргізудің басталатындығы туралы  хабарлама

Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқаны жүргізудің басталатындығы туралы хабарлама

06.09.2019
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін  азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК ұйымы) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне Бекіту науқаны басталатындығы туралы хабарлайды.
Бекіту науқаны тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.
Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының https://fms.kz/ru/select-medical-inst интернет-ресурсында орналастырылған.
Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту олардың өтініші бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.


Возврат к списку