Бөлімдер

second_banner_qaz.png
kz_banner.png
kon jur kz.png
kz_banner.png
kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
pravilakz.PNG

Қатысушылар саны

Қазір
4
Бүгін
976
Кеше
1686
Барлығы
2301708
Жарақат - сыртқы әсер ету  салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы

Жарақат - сыртқы әсер ету салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы

27.04.2019
Жарақат - сыртқы әсер ету (механикалық, химиялық, электрлік және т.б.) салдарлары тудырған ағзаның зақым алуы; психикалық жарақат — көңіл-күйдін әсер етуі тудырған психикалық зейіннің бұзылуы.
Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б.); жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын тандыру қажет.
Балалар жарақаты, ересектер жарақатына қарағанда анағұрлым кең тараған, бұл таң қаларлық жайт емес. Балалар өте бәрін білгіш, қоршаған әлемді белсенді танып-білуге тырысады. Дегенмен, оларда өмірлік дағды әлі аз, бірақ олар жағдайдың қауіптілігін әрқашан бағалай алмайды. Сондықтан, да балалар жарақаты, сирек емес.
Балалар жарақатын шартты түрде, бала қай жерде жарақат алған орнына қарай, бес типке бөлуге болады:
❗тұрмыстық (үйде, аулада, балабақшада болатын жарақаттар);
❗көшеде (бірінші кезекте көліктік, дегенмен көлікпен байланысты еместер де);
❗мектептегі;
❗спорттық
❗басқалар
Әрине, балалар жарақатын мүлде болдырмау мүмкін емес, жазатайым жағдайдан ешкім сақтана алмайды. 
#қалалықемхана #салауаттыөмірсалты #жарақаттанаманболайық #балаларжарақаты

Возврат к списку