Бөлімдер

kz_banner.png
med_forum_kz.jpg
kz_banner.png

Қатысушылар саны

Қазір
2
Бүгін
130
Кеше
609
Барлығы
722530
RSS

Жаңалықтар

«Алматы қаласының деңсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты Форумының БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ
11.05.2016

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, ITECA компаниясы бірлестігімен 2016 жылдың 12 мамыр күні сағат 1030 да, «Атакент» көрме кешенінде «KIHE-2016» өтетін «Алматы қаласының деңсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты  форумы болады.

«МЕЙІРБИКЕЛЕР – ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ» ұранымен өтетін халықаралық мейірбике күніне арналған қалалық салтанатты іс-шара БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ
11.05.2016

2016 жылдың 12 мамырында Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы Орталық Қалалық Клиникалық Ауруханасының конференц-залында Халықаралық Мейірбикелер күніне арналған қалалық салтанатты іс-шара өткізіледі.

«Иммунитетті күшейту шараларындағы кемшіліктерді жою» деген тақырыппен елімізде өтіп жатқан Еуропалық бүкіләлемдік апталық аясында басқосу өтті
29.04.2016

Сәуірдің 27- жұлдызында Алматы қалалық №11 емханада «Иммунитетті күшейту шараларындағы кемшіліктерді жою» деген тақырыппен елімізде өтіп жатқан Еуропалық бүкіләлемдік апталық аясында басқосу өтіп, дәрігерлер, эпидемиологтар, Әскер-Ата мешітінің бас имамы Назарбек Ержан және тұрғындар қатысты.

Алматы әкімдігі дәрілердің бағасын тежеу жөніндегі меморандумға қол қойды
19.04.2016

Бүгін ҚР ДСӘД Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстанның фармацевтика қауымдастығы дәрілер және медицинада қолданылатын заттардың бағасын тежеу жөніндегі меморандумға қол қойды.105 түрлі препараттар бойынша құжаттарға қол қойылды.

8-10 сынып қыздары арасында «Жыныстық мүддені қорғау» деген тақырыпта семинар өткізілді
04.03.2016

2016 жылдың 4 наурызында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен ҚР-ның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алмалы ауданы №58 жалпы білім беретін мектептің 8-10 сынып қыздары арасында «Жыныстық мүддені қорғау» деген тақырыпта семинар өткізілді.

Оқушы қыздар арасында Гандболдан ХIX қалалық спартакиада өтті
08.02.2016

АҚСӨСҚО-ның қатысуымен Жетісу ауданы «Ипподром» залында Гандболдан жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың оқушы қыздары арасында қалалық ХIX Спартакиада басталды. Спартакиаданы қалалық денешынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының директор міндетін атқарушы Назаров Ернар сөз сөйлеп ашты.

Құрметті пациенттер!
05.02.2016

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР –   медициналық ұйымға тіркеу, дәрігерді үйге шақыру және  дәрiгердiң қабылдауына жазылу e-gov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсетеді.
Сіз e-gov.kz сайтының «Денсаулық сақтау» тарауында онлайн өтінім қалдыра аласыз.


Біздің қаламыздың медициналық-генетикалық консультациясы неонаталдық скринингтің тиімділігі мен жоғары қамтылғандығы үшін мақтау қағазымен марапатталды
04.02.2016

2015 жылы Алматы қаласы ДСБ бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасында пренаталдық скринингті ұйымдастыру бойынша №183 Жол картасына сәйкес 2012 жылдың 19 наурызында Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы базасында бірыңғай скрининг орталығы құрылған.

№4 перзентхананың бас дәрігерінің есеп беру жиналысы болып өтті
02.02.2016

2016 жылғы 1 ақпанда №4 перзентхананың бас дәрігері Пак Вячеслав Ивановичтің есеп беру жиналысы болып өтті. Жиналысқа Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы Нугманова Айгуль Табылдықызы,   Түрксіб ауданының РМО бас дәрігері  Темирова Күльпан Махмұтқызы, перзентаханалардың бас дәрігерлері,  перзентхананың сарапшы дәрігері, ҚазҰМУ Акушер және гинекология кафедрасының меңгерушісі Калиева Лера Габбасқызы қатысты.

Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін метептің 6-11 сынып оқушы қыздарының арасында «Ерте жыныстық қатынастан сақтан!» тақырыбында семинар өткізілді
26.01.2016

2016 жылдың 26 қаңтарында ҚРДСМ-нің «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және репродуктивті денсаулықты қорғау мақсатында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің акушерия-гинекология кафедрасының резидентура бөлімінің 3-ші курс студенті

Таеквондодан (WTF) қалалық ашық турнир өтті
24.01.2016

2016 жылдың 24-ші қаңтарда таңғы сағат 09:00-ден кешкі 20:30-ға дейін Алмалы ауданы Д.А.Қонаев атындағы университеттің спорт залында 12-17 жас балалар арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, даңқты ұшқыш-штурман, халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы (1922-2008) еске алуға арналған Таеквондодан (WTF) кадеттер және жеткіншектер арасында қалалық ашық турнир өткізілді.

«Құрт ауру жұқпалы» акциясы
18.01.2016

2016 жылдың 14-ші қаңтарында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен ҚРДСМ-нің халық денсаулығын нығайтуға бағытталған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алмалы ауданы №128 жалпы білім беретін мектептің 6-9 сынып оқушылары арасында «Құрт ауру жұқпалы» атты акция өткізілді. Акцияны тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Батырбаева Айзада Санатовна сөз сөйлеп ашты.

«STUDENT» сауда орталығының «Қарқара» базарының аумағында «Өз мәртебенді біл» тақырыбында акция ұйымдастырылды
13.01.2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, «2016 жылға салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің №45 бұйрығын іске асыру мақсатында

8-10 сынып оқушылары арасында «Туберкулез қалай жұғады?» атты іс-шарасы өткізілді
13.01.2016

2016 жылдың 13-ші қаңтарында АҚСӨСҚО-ның ұйымдастыруымен ҚРДСМ-нің «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жетісу ауданы №109 жалпы білім беретін мектептің 8-10 сынып оқушылары арасында «Туберкулез қалай жұғады?» деген тақырыпта акция өткізілді. Ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бактериялар шығарады, содан туберкулез қоздырғыштары ауаға тарайды.

«Жасөспірімдердің арасында мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
12.01.2016

2016 жылғы 12 қаңтарда Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Бостандық ауданының №81 мектеп-гимназиясының 8-9 сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің арасында мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

«Туберкулез жайлы біліңіз!» акциясы
12.01.2016

2016 жылдың 12-ші қаңтарында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен ҚРДСМ-нің «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру және мектеп оқушыларын туберкулез ауруынан қорғау мақсатында Түрксіб ауданы №115 жалпы білім беретін мектептің 8-10 сынып оқушылары арасында «Туберкулез жайлы біліңіз!» деген тақырыпта акция өткізілді.

Балалар академиясында «Қол тазалығын сақтау және профилактика» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
11.01.2016

2016 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы FasTracKids Балалар академиясында

«Жасөспірімдердің арасында мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
08.01.2016

2016 жылғы 08 қаңтарда Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Түрксіб ауданының «Жетісу» аула клубының оқушылары арасында «Жасөспірімдердің арасында мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

«Дені сау бала-бақытты!» семинары
08.01.2016

2016 жылдың 8-ші қаңтарында АҚСӨСҚО-ның ұйымдастыруымен ҚРДСМ-нің «Денсаулық» бағдарламасы бойынша аурулардың алдын алуды жүзеге асыру мақсатында ауа тамшылары арқылы жұғатын аурулардан мектеп оқушыларын қорғау үшін Медеу ауданы №172 жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері арасында «Дені сау бала-бақытты!» атты семинар өткізілді.

Алматы қаласы бизнес-құрылымдарының жұмыскерлері арасында «Туберкулездің, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды
06.01.2016

2016 жылғы 06 қаңтарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, «2016 жылға салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің №45 бұйрығын іске асыру мақсатында, Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы